Экологиялық саясат

ЭКОЛОГИЯҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТУ

Toyota National Geographic
Toyota National Geographic

Автокөліктің жұмыс істеп тұрған қозғалтқышы біз тыныстайтын ауаның химиялық құрамына, ғаламшардағы климаттың өзгеруіне жаһандық деңгейде кері әсерін тигізеді. Бұл әсерді қалай төмендетуге болады? – деген сұрақ бүгінде аса маңызды.


Қоршаған ортаға тиетін осындай әсерді төмендету – Тойотаның көп жылдар бойы қызмет етуінің басым бағыттарының бірі. Компанияның экологиялық саясаты болашақта жаһандық экономикалық ойлаудың негізі болатын тұрақты даму концепциясының бір бөлігі болып табылады. Жүз пайыз кәдеге жаратылатын, қоршаған орта үшін қауіпсіз автокөліктерді жасау – Тойота үшін жақын жылдардағы басымдыққа ие міндет.

Экологиялық мәселелерді талқылау көбіне ірі компаниялардың өз қызметінде қоршаған ортаға қамқорлық таныту мен тұрақты экономикалық өндірістік дамуды үйлестіре білудің қиын екендігіне келіп тіреледі. Бұл мәселедегі дәстүрлі позиция – компания бір уақытта осы мақсаттардың тек біреуіне жете алады, бірақ еш уақытта екеуіне бірдей жете алмайды. Қолдан келмейтін нәтижеге қол жеткізу –Тойотаның корпоративтік дәстүріне сай. Дәл сол себепті компания экономикалық және экологиялық көрсеткіштерді арттыруға талпынып, экологиялық бағытта қарқынды жұмыс істеуде.